2018 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы жетінші бағытын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына Қазақстан Республикасы Футбол қауымдастығының бас хатшысы Азамат Серікұлы Айтхожин мен «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Кәбірұлы Смаков келді.
Институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев Азамат Серікұлы мен «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Кәбірұлын мұражаймен таныстырып, қонақтар өз кезегінде құрметті қонақтар кітабына институттың жеке құрамына ізгі тілегін жазып қалдырды.
Институт қызметкерлерімен және курсанттарымен кездесу барысында А.С.Айтхожин Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы туралы сөз қозғап, сонымен қатар, салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдану ұлт саулығына септігін тигізетіндігін атап өтті. Қонақтарға Қазақстан футболының алдағы жоспарлары туралы көптеген сұрақтар қойылып, оған қызықты әрі тұшымды жауаптар алынды.
Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай институт курсанттары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өткізілді. Келген қонақтар жеңген командаға кубок пен медалдар табыстады.
КЖБ аға инспекторы
полиция майоры
Ғ.Б.Тулеуов