2018 жылғы 21 мамырда институттың барлық тұрақты құрамының күнделікті сапқа түзелуі кезінде ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ресей ІІМ Орал заң институты бастығының міндетін уақытша орындаушы полиция полковнигі Александр Николаевич Мещеряковтың атынан институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшевтің атына жолданған, ұжымға және білім алушыларға табысты ынтымақтастығы мен халықаралық ғылыми іс-шараларды жүргізудегі жоғары кәсіпқойлығы үшін ризашылық білдірген алғысхатты оқыды.
Сонымен қатар, 1Б курсының курсанттары Азиза Мұхтарқызы Естаулетова «Мәселеге жүйелі келу», Толғанай Болатқазиқызы Кенебай «Тақырыптың өзектілігі» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева