2018 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ҒЗжРБЖҰ бөлімі жалпы құқықтық пәндер кафедрасымен және курсанттық ғылыми қоғаммен бірігіп, Ресей ІІМ Воронеж институтымен онлайн байланыс жүйесінде курсанттардың, тыңдаушылардың, студенттердің, және адъюнкттердің «ТМД-дағы қылмыстылық: қылмыстардың алдын алу және ашу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының секциялық мәжілісіне қатысты.
Институт тарапынан модератор — ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.К. Каримбаева сөйледі.
Аталған конференцияда 1 А курсының курсанты Сабина Абдрахманова (ғылыми жетекшісі: жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы М.Д. Тулешов) «Прокуратура Республики Казахстан как один из органов, участвующих в раскрытии и расследовании преступлений» баяндамасын қатысушыларға ұсынды.
Секциялық мәжіліс барысында қылмыстық сот ісін жетілдіру мәселелеріне, сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық қарсы әрекет пен қылмыстылықты ескерту мәселелеріне қатысты көптеген сұрақтар талқыланып, курсанттар мен олардың ғылыми жетекшілері пікірлерін ортаға салды және тәжірибе алмасты.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева