2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ҒЗжРБЖҰ бөлімі, профессорлық-оқытушылық құрамы және оқу-саптық бөлімінің, тәрбие жұмысы бөлімінің, кадр жұмысы бөлімінің өкілдері, сонымен қатар, курсанттар Ресей ІІМ Белгород заң институтымен бірге онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Біздің ортақ жеңісіміз» халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Институт тарапынан модератор — ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.К. Каримбаева сөйледі.
Іс-шараның қымбатты да, құрметті қонақтары ІІМ орталық аппаратының Ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрметті ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген милиция полковнигі Кемел Айтқалиұлы Жұмашев пен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері полиция полковнигі Жұбандық Сматуллаұлы Беркімбаев болды.
Аталған халықаралық дөңгелек үстел жұмысында ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Кайрлақызы Каримбаева «Малкеджар Букенбаев — участник Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. — Герой Советского Союза» тақырыбындағы, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция майоры Талғат Жеңісұлы Елемесов «Значимость патриотического воспитания на примере Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. в учебных заведениях МВД Республики Казахстан» тақырыбындағы баяндамаларын қатысушылар назарына ұсынды.
Ресей ІІМ Белгород заң институты тарапынан гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция аға лейтенанты Ирина Валерьевна Зайцева «Подвиг многонационального советского народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» тақырыбындағы баяндамасын ұсынса, 4-ші курс курсанттары — қатардағы полиция Усачева Екатерина Алексеевна «Курская битва — переломный этап Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.», қатардағы полиция Хворостяной Антон Павлович «Роль сотрудника органов внутренних дел в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.», қатардағы полиция Усачева Екатерина Алексеевна «Курская битва – переломный этап Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.», қатардағы полиция Хворостяной Антон Павлович «Роль сотрудника органов внутренних дел в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.» баяндамаларын, 2-ші курс курсанты қатардағы полиция Филиппова Марина Владимировна «Роль и значение Сталинградской битвы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» баяндамасын көпшілікке ұсынды.
«Біздің ортақ жеңісіміз» халықаралық дөңгелек үстелінің жұмысын қорытындылау сөзі ІІМ орталық аппаратының Ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрметті ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген милиция полковнигі Кемел Айтқалиұлы Жұмашевқа берілді, ол Малкеджар Бөкенбаевтың еңбек жолы туралы айта келіп, оның шәкірті болғандығын және ішкі істер органындағы қызметін оның жетекшілігімен бастағанын айтты.
«Біздің ортақ жеңісіміз» халықаралық дөңгелек үстелінің жұмысын қорытындылаған ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева жас буынға — ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлеріне біздің аталарымыздың Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерліктерін жоғары патриоттық таным мен Отанға берілген шынайы сүйіспеншілік сезімнің, Елін қорғауда азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға даярлығының үлгісі ретінде баяндады. Жас жігіттер мен қыздардың өз елін, тарихын мақтан тұтулары қажеттігін айтты.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева