Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қоян-қолтық ұрыс саңлақтары сынға түсті

Астананың 20 жылдығы мерекесіне орай, институтта ауыспалы құрам арасында қоян-қолтық ұрыс жарысы өткізілді.

Институт басшылығы, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық – оқытушы құрамы қоян-қолтық күресіне үлкен назар аударуда.

Жарысқа қатысушы спортшылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының гимні орындалып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.И.Қаракүшев жарысқа қатысушы курсанттарға Астананың 20 жылдығы мерей тойымен құттықтап, сәттілік тілеп, спортта жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, жарысты салтанатты түрде ашты.

Жарыс 5 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді және төмендегі аталған курсанттар жүлделі орындарға ие болды: Атап айтсақ: 57 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды Е.Бисен, 62 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды Д.Пернебек , 68 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды Бекбол Д,             74 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды К.Ғаппар, 82 келіге дейінгі салмақта 1-ші орынды А.Сламжанов 1-ші орынды жеңіп алды.

Жарыс әуенмен жақсы көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар және жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталып, салтанатты түрде аяқталды.

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институты

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

 полиция капитаны Д.А.Дуйсембаева

 
05190020