2018 жылдың 09 маусымы күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде «Адам саудасы (анықтау, қуғындау, жәбір көргендерге жәрдем беру) және адам құқығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Халықаралық дөңгелек үстелді ұйымдастыру мен өткізуге жеделіздестіру қызметі кафедрасының және жалпықұқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімі және де институттың профессорлық-оқытушылық құрамы белсенді түрде қатысты.
Халықаралық дөңгелек үстелге келесі адамдар шақырылды:
– Көшербаева Шынар Қалибекқызы – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры;
– Миронова Светлана Евгеньевна – Орынбор облысы адам құқығы жөніндегі Уәкілетті аппараттың азаматтардың шағымдары мен арыздарын қарау және қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі бөлім бастығы;
– Максименко Елена Ивановна – Орынбор мемлекеттік университеті заң факультеті деканының орынбасары, педагогика ғылымының кандидаты;
– Давыдова Екатерина Александровна – Ресей Федерациясы ІІМ Орал заң институты адьюнктурасының адьюнкті, полиция подполковнигі (Екатеринбург қаласы);
– Зырянова Елена Евгеньевна – Ресей Федерациясы ІІМ Орал заң институты адьюнктурасының адьюнкті, полиция подполковнигі (Екатеринбург қаласы);
– Кенбаев Жанғали Айтқалиұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы заңсыз көші-қон және адам саудасымен күрес бойынша мамандарды дайындайтын Оқу орталығының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі (онлайн-режимде сөз сөйлеу);
– Қарабалина Динара Калкаманқызы – «Малика» қоғамдық бірлестігі әйелдерге арналған Оңалту орталығының төрағасы;
– Айымбаев Жанболат Рахметоллаұлы – «Малика» қоғамдық бірлестігі әйелдерге арналған Оңалту орталығының заңгері»;
– Идигеева Гүлнұр Ерғазықызы – «Дәріс» ақпараттық-кеңес беру орталығының заңгері;
– Разаков Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – Діни сұрақтар және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың жетекшісі;
– Абуов АмандықӘбуұлы – К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымының магистрі;
– Дельманов Сисенбай Сарсембайұлы – Ақтөбе облысы адвокаттар коллегиясының адвокаты.
Халықаралық дөңгелек үстелді ашу үшін алғы сөз институт бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Сулейманова Ғалия Жанабекқызына берілді.
Халықаралық дөңгелек үстелді өткізу шеңберіндегі құттықтау сөз Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Көшербаева Шынар Қалибекқызына берілді.
Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар адам саудасы және адам құқығына байланысты баяндамалармен шығуға,сұрақтарды талқылауға белсене түрде қатысты.
Сұрақтарды талқылаудың қорытындысы бойынша нұсқамалар дайындалып, олар адам саудасы саласындағы, соның ішінде адам құқықтарын қорғау бойынша туындаған мәселелерді көбірек тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Көрсетілген халықаралық дөңгелек үстелмемлекеттік және құқыққорғау органдары өкілдеріне, ҮЕҰ, Ресей Федерациясы Орынбор облысы, Екатеринбург қалаларынан шақырылған қонақтарға адам саудасы, мәжбүрлі еңбек құрбандары құқықтарының бұзылуына байланысты жиналып қалған мәселелерді талқылауға және оларға орталықтар тарапынан заң кеңестерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Халықаралық дөңгелек үстелдің аяқталуына орай институт бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Сулейманова Ғалия Жанабекқызы шақырылған қонақтарға, дөңгелек үстел қатысушыларына сертификаттар табыс етті және естелік суретке түсті.
Жеделіздестіру қызметі кафедрасы,
Жалпықұқықтық пәндер кафедрасы,
Институттың ҒЗжРБЖҰ бөлімі.