Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт қызметкерлерінің 2018 жылғы 7 маусымда Ресей Федерациясы ІІМ Ростов заң институтында өткен «Криминалистика:актуальные вопросы теории и практики» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқандығы туралы

2018 жылғы 7 маусымда біздің институттың қызметкерлері қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі

Александр Геннадьевич  Игольников, кафедраның аға оқытушысы полиция майоры     Айнагуль Сагандуковна   Тайшыбаева және  әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының  оқытушысы полиция майоры Даметкен Раимовна Мырзабаева Ресей Федерациясы ІІМ Ростов заң институтында өткен «Криминалистика: актуальные  вопросы теории и практики» тақырыбындағы  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысты.  

Конференция жұмысын білім беру ұйымының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Алексей Юрьевич Терехов ашып, конференцияға Ресейдің әртүрлі аймақтарымен қатар, таяу шетелдердің де өкілдерінің қатысуы мамандар арасында толыққанды тәжірибе алмасуға және жүргізілген зерттеулер мен пікірлердің жан-жақтылығын қамту үшін маңызды екендігін атап өтті.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Александр Геннадьевич  Игольников «Некоторые вопросы, связанные с проблемами доказывания и предупреждения преступности» және қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры     Айнагуль Сагандуковна Тайшыбаева «Некоторые проблемы профилактики рецидивной преступности в Республике Казахстан»  тақырыптарындағы өз баяндамаларымен таныстырды.

Конференцияға «бейне-конференц-байланыс» режимінде Ресей Федерациясының әртүрлі аймақтарындағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, оның ішінде,  Ресей ІІМ-нің  он білім беру ұйымдары және Ростов облысының құқық қорғау органдарының тәжірибелік мамандары қатысты.

Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік

қызметі кафедрасыныңоқытушысы

полиция майоры Д.Р. Мырзабаева    

 
IMG_9308