Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Кылмыстық іс-жүргізу құқықығының заңнамаларын қолданудың оң тәжірибесі» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

2018 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ресей Федерациясы ІІМ Ростов заң институтының білім беру және ғылыми кызмет облысындағы байланыс хаттамасын және мақсатты жұмыстық бағдарламаны орындау максатында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қылмыстық ic-жүргізу құқығының заңмаларын қолданудың оң тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Алғашқы құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы IIM М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институты ғылыми-зерттеу және редакциялық – баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Қаирлақызы Каримбаева  және Ресей Федерациясы ІІМ Ростов заң институтының қылмыстық процесс кафедрасы бастығының міндетін атқарушы заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Диденко Николай Сергеевич сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы IIM М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты, модератор болып қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г. Игольников сөйледі.

Баяндамалардың мазмұны толық тақырыпқа сәйкес келді, ал мазмұнының түсінігі толық көлемде ашылды, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамаларын салыстырып, қызықты пікірталас ретінде өттi.

Дөңгелек үстелдің соңында Ресей Федерациясы IIM Ростов заң институтының қылмыстық процесс кафедрасы бастығының міндетін атқарушы заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Диденко Николай Сергеевич біздің институт кызметкерлерімен тығыз карым-катынаста болғаны үшін алғысын білдірді. Соның ішінде ізденіс тақырыптары бойынша жақсы жұмыс жасаған үшін А.Г.Игольников басшылық ететін қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасына және сол кафедраның аға окытушылары полиция подполковнигі Н.А.Чупринюк пен полиция майоры А.С. Тайшыбаеваға  алғысын  білдірді.

ҚПжКрим кафедрасының

аға окытушысы

полиция подполковнигі

Н.А.Чупринюк

 
IMG_9895