Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Үздік эссе байқауы

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 маусымы мен 2 шілдесі аралығында мемлекеттік  тіл курсы тыңдаушылары арасында  Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Мерейлі асқақ Астана» онлайн эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тіл курсы тыңдаушыларының эссе жазу дағдысын дамыту, тіл мәдениетін арттыру.

Аталған байқауға ҚР ІІМ  М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері де қатысып, нәтижесінде қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.М.Минайдаровтың эссесі үздік деп танылып, 1-орынды иеленсе, байқауға белсене қатысқаны үшін жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімшесінің бастығы полиция майоры А.Д.Иманов алғысхатпен және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі

 
05