Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағының аумағында ағымдағы жылдың 30 маусымында Астана қаласының 20 жылдығына орай дәстүрлі полицейлік жеңіл атлетикалық эстафета жарысы өтті. Биылғы өткізілген жарыс жеңіл атлетикалық эстафетаны жас бүлдіршіндердің бастап беруімен ерекшеленді.
12 команда, 84 қатысушылар қатысты. Бірінші орынды — «облыстық ІІД Аппараты» құрама командасы, екінші орынды — «МКҚБ ММ» командасы, үшінші орынды — «ЖҚАЖ» және төртінші орынды — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасы иеленді.
Аталған іс-шараны Ақтөбе облысы бойынша «Динамо» қоғамдық бірлестігімен бірге Ақтөбе облысы ІІД Арнайы даярлық басқармасы және Ақтөбе облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасы ұйымдастырған болатын.
Жеңімпаздар Ақтөбе облысы бойынша «Динамо» қоғамдық бірлестігінің есебінен медальдармен және кубоктармен марапатталды.
ӘжДШД кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
А.А. Мергалиев