2018 жылғы 28-29 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға институттың ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Каримбаева Айслу Кайрлақызы қатысты.
2018 жылғы 28 тамызда сағат 10.00-де Астана қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық сессиясы басталды.
Форумды Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен, Еуропа Кеңесінің құқығы арқылы демократияға Еуропалық Комиссиясымен (Венеция комиссиясы), Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисімен және еліміздің озық университеттерімен бірлесе отырып өткізді.
Оның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың, конституциялық бақылау органдарының өкілдері және жиырмадан астам танымал құқықтанушы ғалымдар қатысты.
Конференцияны Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Абдразақұлы Мәми ашты.
Пленарлық отырыс жұмысына Республиканың Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының құттықтау сөзін конференция қатысушыларына жария етті.
Іс-шараның ашылуы барысында кейбір шетелдік делегациялардың басшылары құттықтау сөздерін айтты: Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның Бас хатшысы Шнутц Рудольф Дюрр мырза, Болгария Конституциялық Сотының Төрағасы Борис Велчев мырза, Латвия Конституциялық Сотының Төрайымы Инета Зиемеле ханым, Алжир Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Мурад Меделчи мырза және т.б.
Негізгі Заң Күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директорының орынбасары
И.И. Рогов Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа Түсіндірмесімен таныстырды. Оны осы жылы Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен және Әділет министрлігімен бірлесе отырып, Рухани Жаңғыру ұлттық жобасы шеңберінде басып шығарды. Онда Негізгі Заңның ережелеріне 2017 жылғы конституциялық реформаның нәтижелерін және елдің жаңартылған заңнамасын ескере отырып, толық түсіндірме беріледі. Алғаш рет Конституцияның түсіндірмесін әзірлеуге қазақстандық авторлармен қатар, танымал шетелдік конституционалисттер де қатысты.
Конференция өз жұмысын 29 тамызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен КАЗГЮУ Университетінде жалғастырды.
Институттың ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Каримбаева Айслу Кайрлақызы 2018 жылғы 29 тамызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатында құқықтың үстемдігін іске асыру» атты №3 секцияда «Соблюдение прав и свобод человека органами внутренних дел Республики Казахстан» баянамасын қатысушыларға ұсынды.
Ғылыми-зерттеу және
редакциялық-баспагерлік
жұмысын ұйымдастыру
бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева