Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жастары белсенді елдің – болашағы жарқын»

2018 жылғы 5 қыркүйек күні сағат 09.00-18.00 аралығында Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырыуымен білім алушылар арасында «Шығармашылық академиясы» (Батыс-2) ғимаратының конференц залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын белсенді жүргізу, жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жұмысын жүзеге асыру және тұрақтандыру мақсатында облыс әкімінің жанынан құрылған «Жастары белсенді елдің – болашағы жарқын» атты кеңейтілген жастар кеңесі өткізілді.

Кеңеске облыс әкімі Б.М.Сапарбаев, ЖОО мен АОҚ басшылары, қалалық және аудандық жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының комитет төрағалары, сондай-ақ, облыс әкімі грантын иеленген 87 студент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне Өзбекстан мен Қарақалпақстан елдерінен оқуға келген студенттер қатысты. Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев пен тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.А.Мухангалиева қатысты.

Кеңес барысында 2017 жылғы «Ең үздік жастар ісі жөніндегі комитет» номинациясын иеленген оқу орнының өкілі алдағы жоспарларымен бөлісті және биылғы жылдың негізгі жобаларының бірі «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы бойынша 1000000 тг қаржы ұтып алған жас кәсіпкерлер өз жобаларымен таныстырды. 

Шара түстен кейін жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларына арналған көшбасшы, тиімді шешімдер қабылдау жөніндегі семинар-тренингтермен жалғасты.

Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен гүл шоқтары ұсынылды.

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева