Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 5 қыркүйегінде халықаралық деңгейде «Сапалы білім-заман талабы» оқу-әдістемелік жиын өтті. Жиынға Ресей ІІМ Ростов заң институтының, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушы құрамы қатысты. Жиын онлайн-режимде институттың оқу-әдістемелік кеңес кабинетінде Ақтөбе уақытымен 16:00-де басталды. Бұл шараның ашылу салтанатын алғысөзімен институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова, сонымен қатар, Ресей ІІМ Ростов заң институты оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.И.Митин және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының оқу-әдістемелік орталығының бастығы полиция полковнигі К.Н.Капенова ашты.
Профессорлық-оқытушы құрамнан өз баяндамасымен Ресей ІІМ Ростов заң институтының әкімшілік құқық кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы, полиция подполковнигі Р.А.Лубский, Қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі А.Ю.Мирошниченко, криминалистика және жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция майоры Н.Н.Ткаченко, РК ІІМ Б.Бейсенова атындағы Қарағанды заң институтының қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Смаханов М.С. және полиция капитаны Д.С.Кемпиров, сонымен қатар, институттың профессорлық-оқытушы құрамынан жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі А.Ф. Саттарова және осы кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры Ж.А.Жукаева, жедел іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Ж.А.Аюпов, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Е.А. Церковнова қатысты.
Жиын барысында оқытудың әдістері туралы, курсанттарды тәжірибелік бағдарын оқыту бойынша сұрақтар қойылды, сонымен қатар, тақырып аясында белсенді, әрі қызықты талқылау өтті.
Жиынның қорытынды бөлімінде оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша жасалған ұсыныстар «Сапалы білім – заман талабы» жинағына кіреді.
Оқу әдістемелік орталығының
оқытушы әдіскері полиция майоры
А.Сағинтаева