2018 жылғы 6 қыркүйекте ҚР ІІМ М.Бөкенбаев Ақтөбе заң институтында жалпы білім беру пәндері кафедрасы ұйымдастырған «Үш тілді меңгеру жарқын болашақтың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты — талқылау, бүгінгі күнде үштілділік туралы білім берудегі мәселе жөнінде пікір алмасу. Дөңгелек үстелдің модераторы – ЖББП кафедрасының оқытушысы, полиция майоры С.А.Мендібаева. Дөңгелек үстел қатысушыларына алғысөзбен институт бастығының көмекшісі, полиция полковнигі Қ.М.Манапбаев: қазіргі таңда үш тілді меңгеру әр қазақстандықтардың келешегі үшін міндетті шарттардың біріне айналмақ, ал ағылшынды білу – ол қажеттіліктің бірі.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге: «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Ж.Қабақбаев; Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығының» қазақ тілі оқытушысы А.О.Танирбергенова; ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Ж.Б. Нурмухамбетова; ЖББП кафедрасының доценті, полиция полковнигі Ж.М.Есмамбетова қатысты. Қатысушылар өздерінің баяндамаларында Қазақстанның халықаралық бірлестікке қосылудағы рөлі, Қазақстан Республикасындағы үштілділік білім беру мәселесін тиімді жетілдірудің қаншалықты қажет екені жөнінде ойларымен бөлісті. Шараның соңында, үштілділік саясатының келешегі жөнінде біраз пікір және ойлармен алмасты.
Іс-шараның соңында қатысушыларға сертификат табысталып, естелік фотосуреттер жасалды.
РБЖҰ тобының инспекторы
полиция аға лейтенанты
Ш.У. Смағұлова