Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан халықтарының тілдері күні

2018 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өтті. Интеллектуалды ойынға 2 «А» курсының курсанттары 3 топқа бөлініп қатысты: «Power», «Friendship», «Убойная сила».

Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары,  полиция полковнигі Ғалия Жанабекқызы Сулейманованың алғы сөзінде премьер-министр Б.Сағынтаевтың Жарлығымен 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні туралы шешім қабылданғандығы туралы айтып, курсанттарға тілдерді дамытуға, жақсы білім алуға, өз ісінің маманы болуға ізгі тілегін білдіреді.

Сайыс 5 раундтан құралған: «Сәлемдесу», «Бәйге», «Көкпар», «Сөзді тап», «Ораторлық шеберлік». Курсанттардың ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде білім деңгейі ғана емес, сонымен қатар өз ойын ашық түсіндіру шеберлігі бағаланды. Тапсырмалар құқықтану, әдебиет, география, тарих саласының сұрақтарын қамтиды.

Әділқазылар алқасы курсанттарды бағалап, тілдерге, еліміздің әдебиеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға шақырды.

 

Жалпы білім беру пәндері

кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Ж.М.Есмамбетова