2018 жылғы 14 қыркүйекте Астана қаласы ЕҚЫҰ бағдарламалар хатшылығының қызметкерлерімен ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына, яғни ҚР ІІМ көліктегі ІІД қызметкерлеріне Ақтөбе қаласы ІІД ЖІІБ басшылығының келісімімен Ақтөбе қаласындағы теміржол вокзалының аумағында профайлинг технологиясын (психологияның тәсілдерін қолдана отырып заңға қайшы әрекеттің алдын-алу, сондай-ақ шартты тәртіп бұзушыны) қолдану арқылы тәжіребиелік сабақ өткізілді, семинар қатысушыларына теміржол вокзалының аумағындағы азаматтар арасынан өзімен бірге заңсыз заттарды (суық қару, наркотик және жарылғыш құрылғылары) ұстап жүрген азаматтарды анықтау бойынша тапсырма берілді.
«Шартты тәртіп бұзушылар» рөлінде алдын ала наркотик және қару муляждарымен «қаруланған» Ақтөбе заң институтының 2 «Б» курсының курсанттары таңдалды. Сонымен қатар, олармен қылмыскердің іс-әрекеті қалай болу керектігі жөнінде нұсқаулық жүргізілді.
Семинар қатысушылары екі топқа бөлініп және әр топ өз ішінде 2-3 адамнан бірігіп жұмыс жасады, оларға шартты тәртіп бұзушыны анықтауға 40 минуттан берілді.
Семинар қатысушылары қылмыскерлерді анықтау мақсатында келесі әдістерді қолданды: қадағалау, арнайы белгілері арқылы бағалау (мимика т.с.с), сөйлесу, визуалды қадағалау, дене қозғалысы.
Адам көп шоғырлан аумақта террористтік актілерді ұйымдастырушылар, немесе наркокурьерлерді анықтау, ақпарат жинау кезінде профайлинг әдістерін тиімді пайдалану арқасында қызметкерлерде тәртіп бұзушылардың психолгиялық жағдайын дәл анықтау біліктіліктері қалыптасты.
Ақтөбе қаласының теміржол вокзалында семинар қатысушылары өздерінің теориялық білімін қолданды, атап айтқанда, бағалау тәсілі, қарым-қатынас, азаматпен психологиялық байланыс, сөйлесу кезінде тексерілуші нысаннан ақпарат алу сияқты басқа да профайлинг кезіндегі практикалық жаттығулар қолданылды.
Тәжірибелік жаттығу мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлердің адам көп шоғырланған аумақта профайлинг әдістерін іс жүзінде қолдану болды. Сонымен қатар көпшілік арасынан қылмыскерді анықтау.
Тәжірибелік іс-шара қорытындысы бойынша семинар қатысушылары қадағалау және сауалнама жүргізу әдістерін қолдану арқылы шартты тәртіп бұзушыларды (нысан) анықтады. Ол профайлингтің теориялық әдісі шыңдалғанын көрсетеді.
ҚжКБФ оқытушы-әдіскері
полиция капитаны
Г.С.Инжилисова