- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылыми қызмет
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- PLATONUS
- Библиотека
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
1912 жылдың 10 сəуірінде Саутгемптоннан (Англия) Нью-Йоркке (АҚШ) «Титаник» өзінің бірінші сапарын орасан зор лайнер шаттанған дүйім жұрттың қошеметіне бөленіп, порттан шықты. Төрт күннен кейін ол мұзтаумен соқтығысып батыпкетті. Құтқарылған адамдардан опат болғандары екі есе көп болып шықты.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы сан қырлы. Алты томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Ақбілек», «Қартқожа» романдары еніп отыр. 1996 жылы Жүсіпбектің бес томдық шығармалар жинағы шыққан болатын. Содан бергі уақытта оның шығармашылығы ғылыми зерттеліп, жаңадан бірсыпыра туындылары табылды. Қаламгердің шығармалары алты томға толықтырылып, қайта жарияланып отыр.
Оқырман назарына ұсынылып отырған «Алаш жолы» рисәләсі қазақ азаттық қозғалысы тарихынан сыр шертеді. Қолдарыңыздағы кітапқа рисәләнің «Аңсау», «Тамыр», «Айбат» атты бөліктері енген. «Аңсауда» – Алаш қозғалысын өмірге әкелген ХХ ғ. басындағы отарлық ахуал, саяси-әлеуметтік тыныс-тіршілігі, тарихи тұлғалардың азаттық қозғалысының бастапқы жылдарындағы қызметі суреттеледі. Кітап қазақтың ұлттық азаттығын көксеген Алаш қозғалысы …
Бұл шығарма oқырманды Алжир өлкeсінe әкeлeді. Бұлшаң-тoзаңға көмілгeн, аңызақ жeлдің oртасындағы Oран қаласы сұрқай, тіршіліксіз түрдe сурeттeлeді. Шығарманың баяндау тілідe құрғақтау, аскeттік сипатта. Oсы бір oба жайлаған қаланың шeжірeсін күтпeгeн жeрдeн шыға кeлгeн эпидeмиядан қoрғауды ұйымдастырушы дoктoр Риэ жүргізeді.
Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен-көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен шешесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. https://adebiportal.kz/kz/books/view/830
Түркістанның бірлігі мен тәуелсіздігін ту етіп, оны өмірлік мұратына айналдырған, сол жолда құрбан болған Мұстафа Шоқайдың тұлғасы күн өткен сайын биіктей бермек. Түбі бір түрік жұртының тағдыры талқыға түскен шақта басын бәйгеге тіккен, саналы ғұмырын ұлт мүддесі мен ел мұраты жолына арнаған сан қырлы қайраткер тұлғаның тағылымын арқау еткен еңбек …
Белгілі археолог-ғалым, профессор У.Х. Шәлекеновтің үш томдық ғылыми еңбектерінің бірінші томына «V–ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы» атты зерттеу еңбегі еніп отыр.Кiтапта кешенді деректердің, соның ішінде жаңадан қол жеткен құнды археологиялық жәдігерлердің негізінде ертедегі ортағасырлық тарихи қала – Баласағұнның орналасқан жері нақтыланған, оның саяси, экономикалық және рухани мәдениеттің ірі орталығы болғаны баяндалған.
Жинақта негізінен соңғы жылдары жазған жырлары мен баллада-поэмалары еніп отыр. Өзекжарды өлеңдерден өмірдегінің бәріне өзін жауаптыдай сезінетін беймаза ақын жанын ел, жер, тіл, дін, ұлт тағдыры, ұрпақ қамы шынайы толғантатыны сезіледі. https://adebiportal.kz/kz/books/view/3367
Қазақ поэзиясында сирек кездесетін сөз зергерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың бұл жыр жинағына 2000 жылы Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілген еді. Қалың оқырман сұранысына орай, ақиық ақынның өлең кітабына лирикалық өлеңдері мен поэмалары топтастырылған. Қайталанбас құбылыстай жарқ етіп өте шыққан найзағай ақынның арда жырлары көңілі қаяу, санасы ояу бүгінгі оқырманын …
1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы елге де, ерге де үлкен сын болғаны аян. Сол сұрапыл от кешуде арым жанымның садағасы деп ұлт намысын қолдан бермеген қандастарымыз көп. Солардың бірі де, бірегейі де – Рақымжан Қошқарбаев. Ол – жау ұясы Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс жалауын алғаш тіккен жан. Кейінгі өмір жолында да …