Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2017 жылға арналған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жоспарына сәйкес «Адам саудасы және оны ескертудің өзекті мәселелері» ізденіс тақырыбы бойынша жедел іздестіру қызметі кафедрасының қызметкерлері ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Осы ғылыми зерттеу жүргізу және ЖІҚ кафедрасының апталығын өткізушең берінде 2017 жылғы 24 қарашада сағат …
2017 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен ҒЗжРБЖҰ бөлімінің қызметкерлері Ресей ІІМ Ростов заң институтының ұйымдастыруымен тікелей желі байланысында өткізілген «Посткеңестік мемлекеттердің қылмыстық процесі: дәстүрлері, қазіргі жағдайы, келешектегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Сонымен қатар, аталған …
2017 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы және бөлім, қызмет қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы докторантурасының бастығы Құрманова Гульнара Сағындыққызымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Г.С.Құрманова магистратураға және РhD доктарантураға түсу шарты туралы нақтылап түсіндіріп айтты. Кездесу соңында сұрақтар …
2017 жылғы 21-22 қарашада Қазақстан Республикасы «Тұнғыш Президенті» және «Тәуелсіздік күні» мерекесін өткізу қарсаңында ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында жеке құрамы арасында волейболдан жарысы өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев сөз сөйледі. Жарыстың ережелерімен институттың профессорлық-оқытушылық құрамына «Әскери және дене шынықтыру …
2017 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының іскер әйелдер қауымдастығы мен «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің тапсырысы бойынша Қалалық әскери-патриоттық әкелер мен ұлдар слётін өткізді. Шараның мақсаты-бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін арттыру, отбасы институттарын нығайту және қоғамның назарын …
2017 жылғы 20 қарашада сағат 15.00-де жалпы кітапхананың оқу залында кітапхана қызметкерлері 1 желтоқсан – Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған «Ғасыр індетінен сақтанайық» атты ақпарат сағатын ұйымдастырды. Шараның мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдары, одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. …
2017 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасы «ІІО қызметкерлерімен психологиялық білімді қолдану сұрақтары» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты: профайлингтің психологиялық технологиясы туралы тыңдаушылардың білімін тереңдетіп кеңейту, ІІО қызметкерлерінің қызметінде профайлингті қолдану дағдысы мен арнайы біліктілігін дамыту. Семинардың алғашқы …
2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясындағы «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция табысты өткізілді. Ғылыми-тәжірибелік іс-шараның ұйымдастырушысы — ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі. …
2017 жылғы 16 қарашада Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және жаһандық білім беру кеңістігі» атты семинар өтті. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Жанат Нурмухамбетова, жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция …
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында қоғамда кұқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын құру бойынша 2017 жылға арналған ұйымдастыру және тәжірибелік іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес жедел іздестіру пәні кафедрасының оқытушылары полиция майоры Е.М.Жұмагазин менполиция капитаны А.С.Байғазин № 13 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларына дәріс сабағын жүргізді, оған барлығы 80 оқушы қатысты, сонымен …