Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
2018 жылғы 6 қазанда Ақтөбе «Облыстық қан орталығының» және Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарымен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы — «Сәбидің өмірін лейкоздан сақта». Өткізілген кездесуден кейін біздің институттың 51 курсанты қан тапсырып, ұлтаралық регистрге мүше болды. Аталған регистр барлық дамыған …
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы 5 қазан күні Қазақстан халқына өзінің Жолдауын жолдады. Жолдаудың басты мақсаты – халықтың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы. Әрқашанда заман сынана тегеурінді іс-қимылмен төтеп беру болып табылады. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. …
2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен қаламыздың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары арасында «Абыройлы ұстаз» байқауы өткізілген болатын. Аталған байқаудың басты мақсаты – оқытушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты міндеттерді анықтау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып …
2018 жылғы 5 қазанда Курсанттық ғылыми қоғамның мәжілісі өтті, күн тәртібінде КҒҚ-ның төрағасын қайта сайлау және жаңа мүшелерін қабылдау сұрақтары талқыланды. ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.К.Қаримбаева өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыстарды жақсарту және өмір сапасы» Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіре отырып, Курсанттық …
2018 жылғы 5 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң Институтында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай,2«А» курс курсанттары мен курс бастығының орынбасары, полиция капитаны С.П.Оразғалиевтің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға институт бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Сүлейманова Г.Ж.,сап бөлімі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Манапбаев К.М., ауыспалы құрамының барлық аға оқытушылары мен …
2018 жылғы 04 қазанда Қазақстан республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ұстаздар мерекесі, қарттар күні және жедел іздестіру қызметінің 100 жылдығына арнап кәсіптік және қосымша білім факультеті әскери және дене дайындығы кафедрасымен бірге шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан …
4 қазан — халықаралық қарттар күні. Мерекеге орай үлкендерге жылулық пен қамқорлық сыйлау мақсатында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары қарттар үйіне көмек қолын созуға барды. Қарттарымыз — ұлтымыздың алтын қазынасы, сарқылмас байлығы. Ұрпақ үшін жан аямай күрескен қарттарымызды қадірлеу — біздің басты міндетіміз. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін де — …
2018 жылғы 2 және 4 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция лейтенанты Г.А. Байкунакова «Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы» пәнінен 1 «А» курсының 104 және 105 взводтарының курсанттарына «Ежелгі Грекия және Ежелгі Рим мемлекеттері мен құқықтары» тақырыбында сыналатын семинар сабақтарын …
2018 жылғы 03 қазанда ЖББП кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес, 1Б курсының екінші тобында институттың профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен ағылшын тілінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында “Кембриджтік оқыту әдісінің” жаңа әдістемесі көрсетілді, ол қазіргі таңда оқу процесінде кеңінен қолданылмақ. Курсанттарға түрлі әдіс-тәсілдер мен стратегияларды қолдана отырып әрі белсенді оқытудың әдістемесін жеңіл меңгеру …
2018 жылғы 2 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жоспарына сәйкес қылмыстық құқық және криминология кафедрасына бекітілген Ақтөбе қаласының № 13 жалпы білім беретін орта мектебіне полиция капитаны Г.Н.Тоқпанбетова және полиция майоры А.Р.Ерғалиев барып, 9-11 класс оқушыларына «Нөлдік төзімділік» және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыптарына дәріс …