Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ұлы даланың ұлы есімдері» викторинасы

2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласын жариялау аясында курсантық ғылыми қоғам (КҒҚ) мүшелері арасында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты викторина өткізілді. Викторинаға «Ұлы жүз», «Орта жүз» және «Кіші жүз» топтары қатысты. Іс-шараның мақсаты бойынша әр топ қазақ халқының жүздерінің тарихи және мәдени ерекшеліктерін ашып көрсету керек болды. Викторина
 2 турға бөлінді және әр турда бірнеше кезең қамтылды.
І тур:
1. Жүздерді таныстыру.
2. Жүздердің тарихы мен тұрмысын сипаттайтын слайдтар.
3. Командаларға арналған блиц-сұрақтар.
Көрермендер музыкалық үзіліс кезінде 1 «Б» курс курсанты Әсем Нұрланның орындауындағы «Туған жер»  әнін тамашалады.
Музыкалық үзілістен кейін қазылар алқасы тарапынан үш жүзге байланысты сұрақтар қойылып, қатысушылардың жіберген кемшіліктері көрсетілді.
ІІ тур:
1. “Хандар жарысы”.
2. Монолог.
3. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасы бойынша үш команда бірігіп, әр жүз басшысының басқаруымен Қазақ хандығын бейнесін бейнелеген сахналық қойылым көрсетіп, қазақ халқының бірлігі мен ажырамастығын насихаттады.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды «Орта жүз» командасы, 2-орынды «Кіші жүз» командасы және 3-орынды «Ұлы жүз» командасы иеленді.
Өткізілген викторина курсанттардың бойында өз Отанының тарихына қызығушылығын қалыптастыру, патриоттық сезімді нығайту, сонымен қатар, қатысушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

ҒЗжРБЖҰБ ғылыми қызметкері
А.Сулейменова

 
11021071 IMG_6670