Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының 3-ҚПБ-да бастапқы кәсіптік білім беру курсының тыңдаушыларына өткізілген көшпелі тәжірибелік сабақ

ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Жол картасында белгіленген басты басымдықтарды, институт тыңдаушыларын тәжірибелік-бағдарлы оқытуға арналған үшінші бағытты орындау бойынша белгілі бір шаралар жүзеге асырылуда.                                                     

2019 жылғы 20 маусымда ӘҚжІІОӘҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Р.С.Избас және ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция майоры В.В. Хасанова  «Кәсіптік даярлық» пәні бойынша бастауыш кәсіптік білім беру курсының 5 және 7- взводының тыңдаушылары  үшін тәжірибелік сабақ өткізді.

Сабақ барысында тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес реламенттенетін  учаскелік полиция бекетінің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, УПИ полиция капитаны Д. Б. Құралбаевпен бірге тыңдаушылар бекітілген әкімшілік учаскені Инспекциялауға қатысты, онда қызмет көрсетілетін учаскеде тұратын азаматтармен танысу және ІІО-да есепте тұрған адамдарды тексеру мақсатында аулаларды аралау кезінде учаскелік полиция инспекторының іс-қимыл алгоритмі көрсетілді.

Бұдан басқа, Д.Б.Құралбаев тыңдаушыларға ІІО-да тіркелген әртүрлі топтармен жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу және тіркеу тәртібін түсіндіріп, әкімшілік қызметтегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы статистиканы ұсынды.

Соңында тыңдаушылар учаскелік полиция инспекторына сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қойып,  толық жауаптар алды.

ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

В.В. Хасанова