Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Волейбол ойындары бойынша кездесу өткізу туралы

2018 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығымен бекітілген әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы апталығында институт спорт залында волейбол ойынынан институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен біліктігін арттыру курсының тыңдаушылары арасында жолдастық кездесу өткізілді.
Волейбол ойынынан достастық кездесу салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында және алға қойылған тапсырманы оңды орындаған және жоғары деңгейдегі жұмысқа қабілеттілігі  үшін өткізілді. Бұл кездесуді ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Р.С.Избас ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Ойын соңында іс-шараға қатысқан үздік ойыншыларға грамотамен марапатталды.  

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының
оқытушысы
полиция капитаны                                                                               
Уаисов Б.Ж.     

 
01