Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында білім беру ұйымдарына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары біліктілігін арттыру курсын оқып аяқтадығы туралы

2017 жылғы  мамырдың  15 мен 20  аралығында  білім беру ұйымдарына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары  «Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында біліктілікті арттыру   курсын  оқып  аяқтады.

Сонымен қатар, 2017 жылғы  16 мамырда   кәсіби және қосымша білім  факультетінің аға оқытушы-әдіскері  полиция майоры А.Сагынтаева  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауын тыңдаушыларға насихаттау жұмысын өткізді.

2017 жылғы 17 мамырда жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры  Т. Илайков біліктілігін артыру курсының    тыңдаушыларына   Қазақстан    Республикасының    Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына түсіндіру, талдау жұмыстарын жүргізді.

Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі   М. Ізбасов  Ақтөбе облыстық ІІД жедел басқару орталығымен және Ақтөбе облысы ІІД жергілікті полиция қызметімен таныстырып, тәжірибе алмасу мақсатында шығу сабақтарын өткізді. Сабақ барысында оларға жаңа техниканың жетістіктері мен қызметтік  мүмкіндіктері  туралы  кең  мағлұмат берді.

Курсқа қатысқан барлық тыңдаушыларға курсты толық оқып аяқтағаны туралы сертификат берілді.

 

С.Б. Гизатов КжҚБФ бастығы полиция полковнигі

 
ms6