Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

1 қыркүйек – Білім күні

2018 жылғы 1 қыркүйекте басқада оқу орындарындағыдай            Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға институттың Ардагерлер кеңесінің мүшесі отставкадағы милиция полковнигі С.Р.Рзабеков, институт басшылығы мен барлық жеке құрам қатысты. 

Құттықтау сөз институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев пен ардагер С.Р.Рзабековке берілді. Өз сөзінде олар офицерлер мен курсанттарға оқу жылына сәттілік пен жұмыста жеміс тіледі. Әрі қарай күндізгі оқу факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры А.С.Галиуллина «Білім күні» тақырыбында баяндамасын оқыды.  

 Іс-шарадан кейін институт басшылығы мен ардагер институт аумағын аралап, оқу сабақтары өтіп жатырған оқу аудиторияларын аралады. Оқу аудиторияларында С.Р.Рзабеков курсанттарды жаңа оқу жылымен құттықтап, тәрбие мен ғылым туралы жақсы сөздерін айтты.  

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева