- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылыми қызмет
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- PLATONUS
- Библиотека
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының үлесіне оның құрылған күнінен бүгінгі күнге дейін (1996-2017жж.) жарқын болашақ бұйырған екен, осы жылдар аралығында институт колледж филиалынан толыққанды жоғары оқу орнына айналды.
Бұған негіз болған, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 1966 жылғы 22 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Білім беру мекемелерінің жүйесін әрі қарай жетілдіру Концепциясын, сонымен қатар белгіленген жоспарларды орындауда, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 1996 жылғы 12 мамырдағы №172 бұйрығымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшылық құрамына мамандар дайындау үшін Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебінің филиалы ашылуы.
Филиал құрамына алты кафедра енгізілді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 сәуірдегі №348 Қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебінің филиалы Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжі болып қайта құрылды.
Колледж ішкі істер органдары үшін «Құқық қорғау органдары» мамандығының «учаскелік инспектор» мамандандыруы бойынша кадрлар дайындады және сол кезде оның қарамағында күндізгі оқу факультеті, оқу орталығы, жеті кафедра, оқу-саптық бөлімшелері және қосалқы шаруашылықтар болды.
Сол жылдары оқу орнының ұжымы қоғамда, экономикада, қаржыландыруда кездескен қиындықтарға қарамай, оқуға, еңбек етуге деген зор ынталарының арқасында барлығына түсіністік таныта білді.
Кейін, нақтырақ айтқанда, 2010 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» №457 Қаулысын қабылдады, осы негізде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2010 жылғы 31 мамырдағы №242 бұйрығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжі Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты болып қайта құрылды.
2010 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен №0137411 сериялы Мемлекеттік лицензия шектелмеген мерзімге берілді.
2014 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институты» мемлекеттік мекемесіне Малкеджар Бөкенбаевтың есімі берілді.
2014 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментінің ведомостволық білім беру ұйымдарының басқармасы институт қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында оқу орнының оқу-тәрбие үрдісін әрі қарай жетілдіру, кадр әлеуетін нығайту, материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берілді. Тексеріс қорытындысы бойынша институт бөлімшелерінің қызметін жетілдіру, республикалық және халықаралық байланыстарды дамыту, профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру, білім алушылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнінде алдағы уақытта орындалатын нақты жоспарлар мен іс-шаралар белгіленді.
Ал 2016 жылғы маусымда институт Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жүйесі бойынша білім беру сәйкестігіне Мемлекеттік аттестациядан табысты өтті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым саласындағы бақылау комитеті институт құрамының сандық-сапалық құрамын және профессорлық-оқытушылық құрамы мен оқу-әдістемелік базасының қойылатын талаптарға сәйкестігін, ауыспалы құрамның заңнамалар мен оқытылатын пәндер бойынша білімдерінің деңгейін тексерді. Қазақстан Республикасының БжҒМ-нің барлық нұсқаулары мен ұсынымдары сапалы және мерзімінде орындалды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының БжҒМ-нің бұйрығымен институт мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына «сәйкес» деп танылды.
Қазіргі таңда институт өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нормативтік-құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
Оқу орны құрылғаннан бергі 20 жыл ішінде мәртебесі мен ұйымдастыру-штаттық мәселелері бойынша өз атауын бірнеше рет ауыстырды. Алайда, бұған қарамастан, ЖОО-ның басым және өзгермейтін міндеттері — ІІО аумақтық бөлімшелерінің қажеттілігіне орай, заманауи шындықтар мен сын-тегеуріндерді есепке ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін сауатты түрде қорғай алатын жоғары білікті кадрларды дайындау. Бұл үшін институтта барлық жағдайлар жасалған, материалдық-техникалық базаларын нығайту, оқу-әдістемелік, ғылыми және кадрлық-тәрбиелік жұмыстарды арттыру бойынша сәйкесінше шаралар қолданылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген тапсырмаларына, сонымен қатар, ІІМ-нің бұйрықтарына, нұсқамаларына және нұсқауларына сәйкес, теориялық білім берудің тәжірибедегі қажеттілігіне мейлінше жақындығы бойынша курсанттар мен тыңдаушыларға заманауи теориялық білім бере отырып, қажетті тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға зор көңіл бөлінеді.
Қазіргі таңда институт аумағының жалпы көлемі — 10,7763 га, бұл жерде:
Оқу үрдісін, институт қызметтері мен бөлімшелерінің қызметін, сонымен қатар курсанттар мен тыңдаушылардың білім алуын, тұрғынжайын және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Институт иелік етеді:
Институттың негізгі өмір бағыттарының бірі — қызметкерлер мен курсанттардың моральдық-психологиялық ахуалын және дене тұрқының шынығып дамуын қолдау.
Психологиялық қамтамасыз етудің басты міндеті — жеке тұлғаның, ұжымның, ұйымдасқан құрылымның және басқару жүйесінің психологиялық әлеуетін жұмылдыру және көтеру негізінде жеке құраммен жұмысты жетілдіруге және оның кәсіптік қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және психологиялық іс-шаралардың жүйесі.
Әлеуметтік-психологиялық жұмыс – бұл қызметтік ұжымдарда қызметкерлер мен курсанттардың арасындағы қарым-қатынастар бойынша олардың тұтастығын сақтау, жеке тұлғалық дау-жанжалдардың алдын алуда әлеуметтік-психологиялық жай-күйін қалыптастыру жолымен жеке құрамның кәсіптік қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені. Ол қызметкерлер мен курсанттарға әлеуметтік-психологиялық бақылау жүргізуден, институт ұжымындағы психологиялық ахуалды зерделеуден, оны жақсарту бойынша ұсынымдар дайындаудан, аттестациялық комиссия жұмысына қатысудан және жоғарылатуға кадрлар резервін қалыптастырудан; қызметкерлерді жоғары лауазымдарға ауыстыру кезінде оларға психологиялық бақылау жүргізуден; қызметкерлердің жеке-психологиялық мінездемелерінің есебімен және қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін психологиялық бірігуі есебімен қызметтік ұжымдарды толымдау бойынша ұсыныстарды дайындаудан тұрады.
Оқытушылар өздерінің кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыру бойынша үнемі жұмыстанады. Ай сайын тұрақты және ауыспалы құрамға атыс дайындығы, тактикалық дайындық, автомобиль дайындығы, әскери типография, ӘҚ және Қазақстан Республикасы ІІО-ның Жарғылары, саптық дайындық, қоян-қолтық күрес, күрес тәсілдері, дене шынықтыру даярлығы, гимнастика, жеңіл атлетика өткізіледі.
Курсанттар мен тыңдаушыларға дене шынықтыру даярлығының мәдениеті бойынша самбодан және пауэрлифтингтен спорт шебері сабақ берсе, спорттың қызметтік-қолданбалы түрлері бойынша Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер оқытушылар оқу-жаттығу сабақтарын шеберлікпен жүргізе біледі. Институттың спорттық командалары «Динамо» облыстық кеңесімен ұйымдастырылатын спартакиадаларға, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қызметтік-қолданбалы түрлері бойынша жыл бойына спартакиадаларға қатысып, бірінші жүлделі орындарға ие болуда және спорт шеберлігіне, халықаралық кластағы спорт шеберлігіне үміткерлердің 1-разрядтық көрсеткіштерін орындайды.
Кафедра оқытушылары институтта өткізілетін көпшілік спорт ойындарының, шаңғы жарысының, президенттік сайыстардың өткізілуіне, сонымен қатар «Президент күніне», «Наурыз мейрамына», «Жеңіс күніне», «Казақстан полициясының күніне», «Білім күніне» байланысты барлық іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты.
Жыл сайын кафедраданың ұйымдастыруымен ҰОС-тың ардагерлерімен және интернационал жауынгерлермен, «Боевое братство» Ақтөбе облысының қоры директорының орынбасары басқаратын ізденіс экспедициясының қатысушыларымен, ізденіс отрядының комиссарымен кездесу өткізіледі.
«Мерген» секциясы шеңберінде атыс қаруының тактикалық-техникалық мәліметтері мен өзіндік қасиеттері, оларды қолдану қауіпсіздігі тереңдетіліп оқытылады. Секцияның тақырыптық жоспарына сәйкес атыс дайындығы бойынша оқу-жаттығу атыстары өткізіледі.
Қазіргі таңда институттың спорт базасына резеңке және жылытылатын едені бар спорт залы, қоян-қолтық күрес залы, төрт бағыттағы атыс тирі, футбол алаңы мен жүгіру жолдары бар спорт қалашығы, мини футболға, волейболға және баскетболға арналған алаңқайлар, шектеу жолақтары кіреді.
Болашақ ІІО қызметкерлерінің дайындық сапасы — біздің институттың әрбір жетекшісі мен оқытушысының басты міндеті. Сондықтан институтта жоспарлы ғылыми жұмыстарды өткізу үшін курсанттар мен тыңдаушылар тартылады және олардың арасынан неғұрлым белсенді, болашағы бар, сонымен бірге ғылыми-педагогикалық қызметке бейімділері анықталады.
Өз кезегінде, тыңдаушының (курсанттың) ғылыми-зерттеу жұмысы (ТҒЗЖ) — бұл өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдылану, сараптама жасау қабілетін қалыптастыру, білім алатын пәндер бойынша білімдерін тереңдету мақсатында құрылған ғылыми үйірмелерде жұмыс жасай білуі.
Институтта «Правовед», «Начинающий оперативник» «Құқықтанушы», «На службе следствия», «Инсайт», «Полиглот», «Молодой научный сотрудник» ғылыми үйірмелері және «Футбол», «Волейбол», «Самбо», «Мерген» секциялары жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, институт базасында жыл сайын халықаралық ғылыми-тәжірибелік және республикалық ғылыми-теориялық конференциялар, сонымен бірге, Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары бойынша конференциялар өткізу дәстүрге айналған. Аталған іс-шараларға қазақстандық және шетелдік ЖОО-ның курсанттары, магистранттары, докторанттары, адъюнктары мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысады. Біздің институттың профессорлық-оқытушылық құрамы нақты бағыттар бойынша жұмыс жасайды, тапсырыс берушілер аумақтық органдар (Қазақстан Республикасының ІІМ, Департаменттері, Комитеттері) болып табылады. Сонымен бірге, институттың ғылыми әлеуеті 50 адамды құрайды, оның ішінде ғылым докторлары – 1, ғылым кандитаттары – 6, олардың ішінде, заң ғылымдары бойынша – 4, педагогика ғылымдары бойынша – 1, философия ғылымдары бойынша – 1, PhD докторы – 1 және 23 магистрант, сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрамы есебінен «полковник» шеніндегі қызметкерлер – 14, «подполковник» – 19, спорт шеберлері – 6, спорт шеберлігіне үміткерлер – 3.
Сонымен бірге, Ресей Федерациясы ІІМ-нің Волгоград академиясымен; Әзірбайжан Республикасы ІІМ Полиция академиясымен; Ресей Федерациясы Омск академиясымен; Ресей Федерациясы Орал заң институтымен, Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетімен, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясымен, Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясымен, Теміртау қаласы, «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орталығы» РММ-мен білім беру және ғылыми қызметтер саласында Халықаралық серіктестік жөніндегі хаттамаларға қол қойылды. Шетелдік серіктестік жөніндегі аталған хаттамалар аясында жоғары оқу орындарында
3 адъюнкт және 1 аспирант білім алуда, ізденуші ретінде 2 қызметкер тіркелген, сонымен бірге, Қазақстан Республикасында 11 магистрант,
3 докторант білім алуда.
Бұл берілген тізім — біздің институт құрылғаннан бергі қысқа уақыт аралығында жеткен жетістіктердің бірқатары ғана. Институттың жеке құрамы президенттік бағдарламалық құжаттардың және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нұсқамаларының, институт Жарғысының және өзге де нормативті құқықтық актілердің негізінде қойылған міндеттерді мерзімінде және сапалы орындауға әрқашан дайын.