- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылыми қызмет
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- PLATONUS
- Библиотека
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институтының Полицейлер жиналысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы ІІМ №44 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция құрылымдарының Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2014 жылғы 28 қаңтардан заңдылықты, тәртіпті, моральді-психологиялық төзімділікті сақтау, курсанттарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Полицейлер жиналысы құрылды.
Полицейлер жиналысы – ІІО қатардағы және кіші басшы құрам қызметкерлерінің арасында өзінің таңдаған мамандығына, Антқа, Конституцияға, қызметтік және азаматтық міндеттеріне адал болуға тәрбиелейтін, ІІО беделін арттыру мен нығайтуға шақыратын, басшылыққа тәртіпті сақтау кезінде көмек көрсететін әрдайым қызмет ететін ұжымдық орган.
Жиналыс құрамына курс бастықтары, оқу топтарының жетекшілері мен командирлері, факультеттердің әдіскер-оқытушылары және жеке құрам бойынша инспектор кіреді.
Жыл сайын институт бастығымен жыл сайын бекітілетін жоспарға сәйкес, Полицейлер жиналысының отырысы тоқсанда бір рет және басқа да жоспардан тыс пайда болған фактілер бойынша болады.
Жиналыста жыл бойы әскери-қызметтік тәртіпті бұзу туралы, курсанттар мен тыңдаушыларды марапаттауға қатысты сұрақтар қарастырылады.
Полицейлер жиналысының хатшысы
полиция капитаны З.А.Мухангалиева