Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Курсанттық ғылыми қоғам

Курсанттық ғылыми қоғамның мәжілісі : 25.02.2016

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  курсанттық ғылыми қоғамы – жүйелі түрде, мақсатты бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын және оқу бағдарламасын ойдағыдай алып жүретін курсанттарды біріктіретін ерікті ұйым.

КҒҚ курсанттардың ғылыми-зерттеу мүдделерін қанағаттандыруға және институттың ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуді қалыптастыруға бейімделген.

КҒҚ бірнеше басты мақсаттарға ие:

  • курсанттардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;
  • ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру;
  • ЖОО-ның алдында тұрған өзекті ғылыми-тәжірибелік сұрақтарды шешу.

КҒҚ-ның құрылымы «Курсанттық ғылыми қоғам кеңесіне» ие, оның төрағасы, қоғамдықпен байланысты жүзеге асыратын төраға орынбасары, іс жүргізуге жауап беретін хатшысы бар. Сонымен бірге, курсанттық ғылыми қоғамның белсенділері жұмыс жасайды, оның құрамына институттың талантты курсанттары кіреді. Курсанттық ғылыми қоғамның бастапқы ұйымы кафедралық үйірмелер болып табылады.

КҒҚ құрамына 1-курста қабылдануға болады. Іріктеудің басты критериі  – үздік  немесе жақсы оқу  және ғылыми қызметпен айналысуға деген ынтасының болуы.

Институттың жалпы ғылыми бағыты және кафедралардың ғылыми бағыттары аясында жоғары оқу орнында түрлі конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізіледі. КҒҚ қызметтің аталған бағыттары бойынша қажетті барлық жұмыстарды  белсенді түрде жүргізеді.

2017 жылғы жағдай бойынша институт кафедраларында 1-2 курс бойынша 190 курсантты қамтитын  8 ғылыми үйірме қызмет етеді:

    • Әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасы – «Құқықтанушы» ғылыми үйірмесі;
    • Жалпықұқықтық пәндер кафедрасы – «Правовед» ғылыми үйірмесі;
    • Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы – «Әділет» ғылыми үйірмесі;
    • Жедел-іздестіру қызметі – «Начинающий оперативник» ғылыми үйірмесі;
    • Жалпы білім беру пәндері кафедрасы – «Полиглот» ғылыми үйірмесі;
    • Жалпы білім беру пәндері кафедрасы – «Инсайт» ғылыми үйірмесі;
    • Қылмыстық құқық және криминалистика кафедрасы –  «На службе следствия» ғылыми үйірмесі;

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі – «Молодой научный сотрудник» ғылыми үйірмесі.

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2016-2017 оқу жылындағы Курсанттық ғылыми қоғамы 07.11.2017

2016-2017 оқу жылының жалпы жиналысында курсантттар арасынан Курсанттық ғылыми қоғамның төрағасы, төрағаның екі орынбасары, хатшы және Курсанттық ғылыми қоғамының мүшелері сайланды. Сөйтіп, көпшіліктің дауысымен Курсанттық ғылыми қоғамның төрағасы 104–оқу тобының курсанты, қатардағы полиция Т.Тансыков, төрағаның орынбасарлары – 104-оқу тобының курсанты, қатардағы полиция Д.Умарова және 101–оқу тобының курсанты, қатардағы полиция А.Абдразак, техникалық хатшы – 103 оқу тобының курсанты, қатардағы полиция А.Габдулина мен Курсанттық ғылыми қоғамның мүшелері Ш.Дулдилова, Т.Өтешев, Е.Жабайханов, А.Жунусова, А.Илипова, Е.Ысқақов, А.Тасболатова тағайындалды.
2017 жылдың басынан – Курсанттық ғылыми қоғамның 4 отырысы өткізілді, талқыланған сұрақтар: танысу, міндеттерді бөлу, 2017 жылы 07 сәуірде болатын халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға дайындық жүргізу, ағымдағы жылғы 17 сәуірдегі Ғылым күніне байланысты викторина өткізу, сыртқы конференцияларға қатысу үшін баяндамаларды даярлау және т.б.
2016-2017 оқу жылында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу жұмысы жоспарына сәйкес Курсанттық ғылыми қоғамы нәтижелі болды. Белгіленген мерзімге сай 2017 ж ақпан-мамыр айлары аралығында институт базасында Курсанттық ғылыми қоғамның ағымдағы жылғы 07 сәуірде, курсанттар (студенттер), адъюнттер мен доктаранттарға арналған «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында КҒҚ мүшелері үшін алғаш рет халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізген болатын. Конференция жұмысында ҚР ІІМ АЗИ курсанттары ғана емес, сонымен қатар, ҚР ІІМ.Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының және М.Есболатов атындығы ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттары, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Қазақ-Орыс Халықаралық университеті және Бәйішев атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.
Жалпы секция жұмыстары жоғары ұйымшылдықпен өтіп, курсанттардың қызығушылығын арттырды. Аталған баяндамалар мағыналы әрі секция тақырыбымен тығыз байланысып, курсанттардың ғылыми өміріндегі қызықты деректемелерге арналған.
Сондай-ақ, 2017 жылғы жоспарға сәйкес институт базасында тұңғыш рет ҚР Ғылым күніне арналған викторина өткізілді. Викторина жеңімпаздары болып 203–оқу тобының курсанттары атанды. Викторинаның қорытындысы бойынша курсанттардың ғылыми-зерттеу қызметінің деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, аталған іс-шара өз мақсатына жетіп, курсанттар өз шеберліктерін арттырды. Викторина нәтижесі бойынша 5 жеңімпаз ағымдағы жылда әртүрлі халықаралық конференцияларға қатысып үлгерді.
Ақтөбе заң институтының курсанттары ҚР ІІМ өзге де ведомстволық оқу орындарында өткен халықаралық ғылыми теориялық конференцияларға қатысып, белсенділік танытты. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары үздік жұмыстары үшін М. Нұралин, И. Бабашов және Е. Жабайханов сертификатпен және дипломдармен табысты оралды.
Курсанттық ғылыми қоғамның қызметін қорытындылай келе ағымдағы жылдың 19-20 қазан аралығында Ресей Федерациясының Орынбор қаласында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 Б,
2 А курс курсанттары Ресейдегі Экология жылына арналған стунденттердің шығармашылық жұмысы сайысына қатысып, төмендегідей жүлделі орындар алды.
2 А курс курсанттары А.Т Габдулина, С.С Сұлтанова,
М.Ж. Абдырахманова және 1 Б курсының 4 курсанттары А.Ермекбаева, Б.Шарипова, Д.М.Кенебай, А.Ж. Тобышбаева сертификаттар алды.
2017 жылғы 26 қазанда институт қабырғасында жиналыс өтіп,
2018 жыл бойынша Курсанттық ғылыми қоғамға төраға және оның орынбасары сайланды.
– Төраға: 1 Б оқу курсының курсанты қатардағы полиция
А.А. Еркебуланов.
– Төрағаның 1-ші орынбасары 1 Б курсының курсанттары қатардағы полиция С.Е Советханов пен А.Тобышбаева.
– Техникалық хатшы: 1 Б курсының курсанты қатардағы полиция
Т. Кенебай.
2018 жылға Курсанттық ғылыми қоғамға 1 А, Б курс курсанттарынан 17 адам сайланды:

  1. Еркебуланов А.А.
  2. Советханов С.Е.
  3. Тобышбаева А.
  4. Кенебай Т.Б.
  5. Кәбір Ғ.Қ.
  6. Ермекбаева А.Б.
  7. Рахимов М.
  8. Дүйсенбай Т.Н.
  9. Ергожа Н.
  10. Тлепов Б.
  11. Толыбаева А.
  12. Жакан Р.
  13. Даулетбайулы Ж.
  14. Абдрахманова М.
  15. Толеугали К.
  16. Оразгалиев Д.
  17. Шарипова Д.

2016-2017 оқу жылына тапсырылған ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары мен курсанттарының көмегімен ойдағыдай орындалды.

КҒҚ төрағасы
ІІ курс 204 оқу тобының курсанты
қатардағы полиция                                                       Т. Тансыков

 
IMG_9407