Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Редакциялық-баспагерлік қызмет

Институттың редакциялық-баспагерлік қызметінің басты міндеттері:

  • оқу орнының оқу үрдісін және ІІО құрылымдарының тәжірибелік қызметтері мен ведомстволарын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және шығару;
  • оқу орнының басылымдарын білім беру мекемелеріне және ішкі істер органдарының тәжірибелік органдарына насихаттау және тарату.

Институтта келесідей  басылымдарды дайындау және жариялау жүзеге асырылады:

  • монографялар, оқу құралдары (оқу-әдістемелік, оқу-көрнекілік, оқу-тәжірибелік құралдар), практикумдар, оқу жоспарларының барлық пәндері бойынша дәріс курстары;
  • білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік материалдар және оқу-әдістемелік құжаттар (жұмыс оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, ұсынымдар, зерттемелер, оқу пәндерін (курсын немесе оның бөлімін) зерделеу немесе оқыту жөніндегі сілтемелер;
  • профессорлық-оқытушылық құрамның, институт қызметкерлерінің, білім алушылардың ғылыми еңбектерінің тақырыптық жинақтары;
  • ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік конференциялардың, жиындардың, кеңестердің, дөңгелек үстелдердің және семинарлардың материалдары, оның ішінде өзге білім беру мекемелерімен және мемлекеттік органдармен бірігіп өткізілген шараларды да есепке алғанда;
  • анықтамалық, ақпараттық және өзге де баспа өнімдері.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының редакциялық-баспагерлік кеңесінің ЕРЕЖЕСІ

Скачать (PDF, 399KB)

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтындағы ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ЕРЕЖЕСІ

Скачать (PDF, 5.85MB)

 
SAM_2760 11202264