Білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімі
Білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімі 2016 жылдың маусым айында құрылды. Бөлім қызметіне:
- академиялық топтар мен ағымдарды қалыптастыру;
- курсанттардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіпте тіркеу;
- курсанттардың академиялық рейтингін есептеу;
- оқытудың академиялық кезеңінде және оқытудың барлық кезеңінде курсанттардың игерген кредиттерін есепке алу;
- курсанттардың транскриптерін толтыру;
- оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес курсанттардың үлгерімі бойынша ағымдағы бақылаудың, межелік бақылаудың, аралық және қорытынды аттестациялаудың мониторингін ұйымдастыру және өткізу, сараптау, қорытындысын шығару;
- академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
- мониторинг және білім сапасы үшін бақылау құралының (тест тапсырмаларының мәліметтер банкі) және технологиясының (тестілеу, сауалнама алу жүйелері) қорын құру;
- курсанттардың аралық және қорытынды аттестациясы кезінде шетелдік бақылаулар, сынақтар және емтихандар өткізу технологияларын сақтау бойынша бақылау жасау;
- мемлекеттік емтихан комиссияларының құрамын және жұмыстарын ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және олардың жұмыстары бойынша ұсыныстар дайындау;
- білім беру қызметін жетілдіру және курсанттардың үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар жинау;
- білім сапасын мониторингілеу және бағалау құжаттарын дайындау;
- оқытушыларға, курсанттарға, түлектерге сауалнама өткізу;
- кредиттік технология бойынша жеке және топтық рейтинг қорытындыларын апта сайын шығару;