- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылыми қызмет
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- PLATONUS
- Библиотека
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Күндізгі оқу факультеті – оқу үрдісін басқаратын негізгі орган, оның міндеті Қазақстан Республикасының ІІМ үшін жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған оқу орнының білім беру қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Факультет өз қызметін бірыңғай оқу кешені ретінде оқу орнының білім беру қызметін қамтамасыз ете отырып, кафедралармен және өзге құрылымдық бөліністермен бірге атқарады.
1998 жылы Ақтөбе заң колледжінде күндізгі оқуфакультеті құрылды.Факультет колледждің құрамдас құрылымы болып табылды және тікелей оқу процесін жоспарлаумен, ұйымдастырумен және педагогикалық бақылаумен айналысты.Оның қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрықтарын, нұсқауларын, ережелерін басқа да нормативтік актілерін, институт бастығы мен оның бірінші орынбасарының бұйрықтарын, өкімдерін жүзеге асыруға бағытталған.
Күндізі оқуфакультетінің бастығы болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі М.Ә.Тұрғанбаев қызмет жасады.Оның басшылығымен төмендегі әдіскер- оқытушылар қызмет атқарды:
2010 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты болып қайта құрылғаннан кейін күндізгі оқу факультеті оқу процесін жоспарлаумен, ұйымдастырумен және педагогикалық бақылаумен айналысуын жалғастырды.
2010 жылғы 08 шілдеден 2010 жылғы 07 қыркүйекке дейін күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқару полиция подполковнигі С.Л.Николаевағажүктелді.
2010-2012 жыл аралығында факультетті тарихғылымдарының кандидаты, полиция полковнигіС.Қ.Махмутовбасқарды.
2014-2016 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының магистрі полиция полковнигі А.Ж.Майданова басқарды.
Қазіргі таңда күндізгі оқу факультетінде аға оқытушы-әдіскер полиция майоры А.А.Байболатова; аға оқытушы-әдіскер полиция майоры А.Галиуллина;оқытушы-әдіскер полиция майоры Д.Ж. Усенов;оқытушы-әдіскер полиция майоры Т.Ж.Елемесов;оқытушы-әдіскер полиция капитаны Ж.Ж.Аксакова қызмет атқарады.
Күндізгі оқу факультетінің негізгі міндеттеріоқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және келесі міндеттерде кіреді: