- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылыми қызмет
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- PLATONUS
- Библиотека
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Кәсіптік және қосымша білім факультеті Ішкі істер органдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге үлкен үлес қосып келеді.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына қызмет өткеруге үміткерлерді алғашқы дайындаудың эксперименттік курстарын ұйымдастыру туралы» 2004 жылғы 5 қазандағы №565 бұйрығына сәйкес сырттай оқыту бөлімшесі орта басшы құрам лауазымына үміткерлерді алғашқы дайындау бойынша Оқу орталығы болып қайта құрылды.
2011 жылдың қыркүйек айында біліктілігін арттыру факультеті Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты базасында қосымша кәсіптік білім берудің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.
2016 жылдың 1 маусымынан бастап біліктілігін арттыру факультеті «Кәсіптік және қосымша білім» факультеті болып өзгертілді.
Кәсіптік және қосымша білім факультетінің қызметі ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қызметкерлерді қайта даярлау, сондай-ақ қызметкерлердің арнайы бастапқы оқыту кезіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Құқық қорғау органдарының қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың Ережесі мен мағынасын бекіту туралы» 2016 жылғы 20 сәуірдегі №422 бұйрығын, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «ІІО орта және қатардағы, кіші басшы құрам лауазымына үміткерлерді алғашқы арнайы оқыту ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 187 бұйрығын және басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие үрдісін ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Факультет жұмысының мақсаты – бойында жоғары жалпы мәдениеттілік, кәсіби құзіреттілік, азаматтық кемелділік қасиеттері бар, сонымен қатар тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандығын, мемлекет мүддесін қорғауға дайын жоғары білікті кадрларды дайындау.
Факультеттің басты міндеті – қызметкерлердің кәсіби білімдерін үздіксіз толықтыру және жаңарту, құқық қорғау қызметінің тәжірибесіне ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру