Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен кездесу

9.08.2019

Кәсіби және қосымша білім беру факультеті бастығының м.а. полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымовтың төрағалығымен арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларының жиналысы өтті. Факультет бастығы бітіру емтихандарын өткізу ережелерін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және қызмет этикасы талаптарын түсіндірді. Тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Соңында Ерлан Қуанышұлы тыңдаушыларға емтихандарды табысты тапсыруға тілек білдіріп, полицияға жұмысқа кәсіби сауатты, жігерлі, кез келген заң бұзушылыққа төзбейтін қызметкерлер келетініне сенім білдірді.

 
09300200 04253078 04264073 IMG_9433 IMG_1009