Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК ПӘНІ ШЕҢБЕРІНДЕ «АИТВ/ЖИТС ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ ДӘРІС САБАҒЫ

2018 жылғы 20 ақпанда кәсіби және қосымша білім беру факультетінде «Үздік жас оқытушы» сайысының шеңберінде, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Ж.Қиюбектің ашық дәріс сабағы өткізілді. 

Дәріс алғашқы дәрігерлік көмек пәнінен «АИТВ/ЖИТС және басқа да аурулардың алдын алу» тақырыбында өткізілді.

Ашық дәріс сабағында 3 сұрақ қарастырылды:

  1. Қазіргі замандағы АИТВ/ЖИТС ауруының қауіптілігі.
  2. Жазылмайтын және жұқпалы аурулар.
  3. «Салауатты ұлт – болашақ кепілі» – Н.Ә.Назарбаев.

Дәріс сабағына «Үздік жас оқытушы» сайысының комиссия мүшелері –ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияров, кәсіби және қосымша білім беру факультетінің бастығы полиция полковнигі С.Б.Ғизатов, оқу-әдістемелік орталықтың аға оқытушы-әдіскері полиция майоры А.С.Галиуллина және комиссия хатшысы, оқу-әдістемелік орталықтың оқытушы-әдіскері полиция майоры А.А.Сағынтаева қатысты. Дәріс сабағы 80 минутқа созылды.

Ашық сабақ кезінде барлық сұрақтар әртүрлі әдістермен қарастырылды. Бірінші сұрақты «Insert» (Білемін. Білгім келеді. Білдім) әдісімен, екінші сұрақты тыңдаушылар бейнеролик, кітапшалар, баспа өнімдері және т.б. қосымша мәліметтерге сүйене отырып, өздері ашты, ал үшінші сұрақ Елбасының халықтың денсаулығын жақсарту саясатына арналды. Дәріс сабағы толығымен ашылды.  

 

ҚПж Криминалистика 

кафедрасының окытушысы      

полиция капитаны                                           

А.Ж.Қиюбек    

 
03220084