Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Алғашқы көмек көрсетуді оқып үйрену

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының бастығы А.Г. Игольниковпен өткізілген тәжірибелік сабақтың тақырыбы «Алғашқы көмек көрсету»  проблемалық оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылған. Мәселелерді талқылау барысында «Жан сақтау әдістерін» түсіндіріп өтті.

Сабақты ұйымдастыру, өткізу барысында полиция полковнигі А.Г.Игольников жоғарғы дәрежеде өзінің және педагогикалық және медициналық тәжірибесін көрсетті.  Сабақта талапқа сай дидактикалық материалдар (плакаттар), манекендер, медициналық аптечкалар, байлап –таңу материалдары көрсетілді. Осы көрнекі материалдар адамның ойлау қабілетін жетілдіруге, белсендіруге және шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал етеді.

Сөйтіп, үй жұмысын тексеру барысында курсантың дайындық жағдайын қарай отырып, әр түрлі формада, әсіресе, мынадай мән-жайлар қарастырылды: өзара түсінушілік және өзін-өзі тексеру, сонымен қатар дифференциялық дайындық жұмыстары жүргізілді (курсанттардың жартысы оқытушымен бірігіп тапсырманы орындап және қалғаны қағаз жүзінде жазды). Сабақтың жүру барысында жеке курсанттардың әрқайсысы өз тәжірибе жұмыстарын көрсету барысында, жүрекке массаж жасау, қандай жағдай болмасын өз жинаған тәжірибелерін жоғарғы түрде көрсетіп, белсенді көңіл күйде сабақ өткізілді. Курсанттар бір тапсырманы көрсеткеннен кейін келесі тапсырмаға өтіп, сабақ соңында оқытушымен бірге істеген жұмыстарының көрсеткішін талқылайды. Оқытушы сабақ өткізу барысында «жансақтау» тақырыбына көптеген әртүрлі ақпараттар алды. Әртүрлі тақырыпты орындап отырып курсанттар тергеп-тексеру және тәжірибелік жұмыстарды үйренді.

Полиция полковнигі А.Г. Игольников әрбір тапсырманың орындалуына байланысты уақытты мұқият есептеді. Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, курсанттар тақырыпты  меңгеру барысындағы көрсеткіштеріне баға берді.

Жоғарғы дәрежелі оқу қарқынына оқытушының квалификациялық кәсіпқой дайындығы, нақты бағытталған оқу құжаттарының, ізгі ниетпен жүргізілген оқу уақыты, әртүрлі тәсілді қолдануы және тапсырманың бір бөлігі тәжірибелік тұрғыда өткізілуі мен максималды шынайы күйде орындалуы арқылы қол жеткізілді.

Оқу сабағы өз мақсатына жетіп,  жоғары  бағалауға лайықты.

 

ОӘО-ң аға оқытушы-әдіскері

полиция капитаны                                         

Р.Б. Молдыбаева

 
04 IMG-20180929-WA0007