2017 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының саптық алаңында 1 курстың 168 курсанты Ант қабылдады.
Аталған іс-шараға облыс әкімдігінен қонақтар, ІІО ардагерлері, Ант қабылдаушы курсанттардың ата-аналары қатысты.
Әрі қарай іс-шара институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшевтің, ІІО ардагері милиция полковнигі Санабай Рзабекұлы Рзабековтің құттықтау сөзімен жалғасты. 1 А курсының ата-аналар комитетінің мүшесі Гүлсара Ізбасқанқызы Есеналина сөз сөйлеп, институт басшылығына және тұрақты құрамға өз ризашылығын білдірді.
Іс-шара барысында 2 курс бастығы халықаралық деңгейдегі спорт шебері полиция майоры Нұрлан Нұрмұханұлы Қажығалиевтің жетекшілігімен 2 курс курсанттарының қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрсетілім көрсетті.
Іс-шара соңында курсанттар ата-аналарымен қауышып, бір тәулікке еркіндікке жіберілді.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева