Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ардагерлер ерлігіне мың тағзым

2018 жылғы 13 сәуірде тәрбие жұмысы бөлімінің жоспарына сәйкес, 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында және Ұлы Отан соғысының ардагері ІІО ардагері милиция полковнигі Михаил Иванович Диденкомен 92 жас туған күніне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары кездесу ұйымдастырды.

Әңгіме барысында Михаил Иванович соғыс жылдарында басынан өткізген қиыншылықтарды, соғыстан оралған соң, ішкі істер органдарында қызмет жасағандығы және зейнетке шыққандығы туралы сөз тарқатып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру керектігі туралы айтып берді. Курсанттар ардагерге  сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды.

Кездесу соңында институт бастығы ардагерді туған күнімен құттықтап, сыйлық ұсынды.

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А. Мухангалиева