Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы практикалық сабақтар өткізу туралы

Жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін даярлау аясында, 2019 жылы 11 қазанда ІІО-ға кіші басшы құрам лауазымдарына алғаш рет түсетін тұлғаларға арналған кәсіби және қосымша білім беру факультетінің бастапқы дайындық курстарының “арнайы техника” пәні бойынша тақырыптық жоспарына сәйкес, полиция подполковнигі М.Ж. Найманбаев және ЖІҚ кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Е.Т. Алдияров “ІІО жеке құрамын қорғаудың арнайы құралдары” тақырыбында оқытудың техникалық құралдарын қолдану және алғашқы дайындық курстарының тыңдаушылары үшін жеке құрамды жеке қорғау және белсенді қорғаныс құралдарын көрсету арқылы практикалық сабақ өткізді.

Практикалық сабақтың мақсаты рұқсатсыз митингілер мен жаппай тәртіпсіздіктерді өткізу кезінде жеке құрамның қорғанудың арнайы құралдарын қолданудың практикалық дағдыларын меңгеруі.

Сол күні институттың саптық алаңында ЖІҚ кафедрасының қызметкерлері полиция подполковнигі М.Ж. Найманбаев, полиция майоры Қ.Ерланұлы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны С.Б. Тлембаевпен бірлесіп, күндізгі оқу факультетінің курсанттары мен кәсіптік және қосымша білім беру факультетінің алғашқы дайындық курстарының тыңдаушылары үшін жеке құрамды арнайы қорғау құралдарымен жауынгерлік киім-кешекті қолдана отырып практикалық сабақ өткізді.

Практикалық сабақта жеке құрамды қорғаудың арнайы тактикалық әдістері мен тәсілдері, төтенше және экстремалдық жағдайлар кезінде арнайы құралдарды қолдану көрсетілді.

ЖІҚ кафедрасының доценті

заң ғылымдарының магистрі,

полиция подполковнигі

М.Ж. Найманбаев

 
01122322