Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына және Ақтөбе қаласының №2 сотына көшпелі тәжірибелік сабақтар өткізу

Ведомстволық білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары нақты тәжірибелік бағыттарға ие, бұл ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерін даярлау сапасын арттыруға іс жүзінде ықпал етеді және алынған білімді, дағдылар мен іскерлікті тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

 2019 жылы 13 және 14 қарашада дәрістер мен семинарлық сабақтарда алған теориялық білімдерін бекіту, білім алушылардың болашақ кәсіби қызметі туралы тиісті түсініктерін қалыптастыру мақсатында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының қызметкерлері 3 А курсы 301, 302, 303-оқу топтарының және 2 А курсы 201, 202-оқу топтарының курсанттарына Ақтөбе облысынындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және Ақтөбе қаласының №2 сотына көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырып, өткізді.

Сабақ аясында, курсанттар сот жұмысын ұйымдастыруға, соттылыққа байланысты ерекшеліктер мен істерді қарау жұмысы, судьялар мен аппарат жүйесімен, аудио, бейнетіркеу мүмкіндіктері, электрондық сот ісін жүргізуге қолжеткізуге бағытталған қолжетімділігін, жеделдігін, сот төрелігінің ашықтығы мен сот ісін жүргізу туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша бірнеше сот отырысының тыңдармандары болды, онда әртүрлі пәндер (қылмыстық құқық, қылмыстық процесстік құқығы, криминалистика, сот сараптамасы және т.б.) бойынша теориялық білімді пайдаланудың кешенділігіне көз жеткізіп, прокурордың сот отырысында қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік айыптаушы және адвокат ретіндегі рөлі туралы түсінік қалды.

Сабақтар аяқталғаннан кейін курсанттар сот және кафедра басшылығына осындай сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені, қылмыстық сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы тәжірибелік материалды ақпараттандырғаны үшін алғыстарын білдірді, мұндай сабақтар болашақ мамандыққа үлкен қызығушылық тудыратынын және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмыстарды ашу, тергеу және қылмыстық істі сотқа жіберу бойынша жұмысының қорытынды нәтижелерін көруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                

Н.Т.Саханова

 
04 01186063