Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақындармен кездесу

 «Жастар жылы» аясында және қазақ өнерін дәріптеу мақсатында 2019 жылғы 06 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына азулы айтыскер ақын, бірнеше республикалық айтыстардың жүлдегері, қазіргі таңдағы біршама танымал әндердің авторы, Ақтөбе өңірінің тумасы Оразбек Бекболатұлы Қиынбаев пен ақын, тамада Кенжебек Смағұлұлы Таукеев келіп, курсанттармен кездесу өткізді.  

Кездесуге институт бастығы полиция полковнигі Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков, 1 А, 1 Б курстарының курсанттары мен оқу топтарының жетекшілері қатысты.

Айта кететін болсақ, Оразбек Бекболатұлы Қайрат Нұртас, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Олжас Абай, Ұшқын Жамалбек секілді және т.б. көптеген қазақстандық белгілі әншілерге жазған өлеңдері менде халыққа танымал.

Кездесу барысында курсанттар мен қонақтардың арасында жақсы әңгіме құрылып, курсанттар  ақынға көптеген сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар алды.

Шара соңында қонақтар институт басшылығына алғыс білдіріп, курсанттарға сәттілік тіледі.   

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева