Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біздің чемпион!

2019 жылғы 19-25 қараша аралығында Ресей Федерациясының Анапа қаласында 17 елдің спортшылары арасында әмбебап жекпе-жек бойынша Әлем чемпионаты өтті. Қазақстан Республикасы атынан жарысқа ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция майоры Дүйсенбаева Динара Арғынқызы қатысып, 57 кг салмақ дәрежесінде 2 орын алып, күміс медальға ие болды.

Айта кетейік, Динара Арғынқызы дзюдо және самбо күресінен спорт шебері болып табылады. Ақтөбе заң институты оны жеңісімен шын жүректен құттықтап, болашақта үлкен табыс тілейді.