Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау крстарының аяқталуы туралы ақпарат

2017 жылғы  16 – 28  қазан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ҚАІІБ ЖПҚ аға учаскелік полиция инспекторлары, учаскелік полиция инспекторлары «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсын және ІІО кезекші бөлімдері мен ЖБО жұмысын ұйымдастырудың, КТЖТ кешенді полиция күштерін басқарудың қайта даярлау курсын оқып,  аяқтады.

 Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсында оқу процесі бекітілген оқу және тақырыптық  жоспарлары негізінде өткізілді.

2017 жылғы 25 қазанда  Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментінен келген №376 қатынас хатының негізінде  БҰҰ арнайы баяндамашысының ұсынысын іске асыру мақсатында «Қызметкерлердің қызметтік тәртібіндегі – зорлық-зомбылықты қолдану, қысымшылық, аңду, қорқыту немесе репрессияға ұшырату» тақырыбында институт базасында  жалпы білім беру пәндері кафедрасы дөңгелек үстел өткізді.

  Тыңдаушылардың оқу бағдарламасын тәжірибемен байланыстыру үшін 2017 жылғы 19,20,26,27 қазан күндері Ақтөбе  қаласының  құқық  қорғау органдары мен өзге де  мекемелеріне тысқа шығу сабақтары ұйымдастырылды. Мысалы,  жедел іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры С. Тулеев Ақтөбе облыстық ІІД Жедел басқару орталығына  және Ақтөбе қалалық ІІБ кезекші бөліміне және  әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М. Избасов Ақтөбе облысы ЖПҚ-ға  және Ақтөбе облыстық ІІД Жедел басқару орталығына  апарып, оның жұмыстарымен таныстырып, тәжірибе алмасу мақсатында шығу сабақтарын өткізді. Сабақ барысында оларға жаңа техниканың жетістіктері мен қызметтік  мүмкіндіктері  туралы  кең  мағлұмат берілді.

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Д. Тулеуов  «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбында біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына тәрбие сағатын өткізді. Онда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және стандартты емес жағдайда конструктивтік диалог құру туралы мәселелер қозғалып, тыңдаушылар тәжірибелік тапсырмалар орындады.

Тыңдаушылар сабақтан тыс уақытта институттың жалпы кітапханасында өзіндік дайындық өткізуімен қатар, олар Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына барды, Кеңес Одағының батыры А. Молдағұлова атындағы мұражайға барып және батырдың ескерткішіне тағзым етіп, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Курс аяқталған соң, тыңдаушылар өткен тақырыптар бойынша емтихан тапсырып, курс аяқталуына орай, оларға курсты толық оқып аяқтағандығы туралы сертификат берілді.

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

А. Сагынтаева