Қазақстан Республикасы ІІО болашақ қызметкерлерін әскери-патриоттық тәрбиелеу, сонымен қатар, салауатты өмір салтын және дене шынықтыру мәдениетін насихаттау, жеке құрамның әскери және дене дайындығында болуын дайындау мақсатында әскери және шынықтыру даярлығы кафедрасының қызметкерлерімен полиция полковнигі М.Д.Нұршаев, полиция подполковнигі К.Д.Умбетбаев, полиция подполковнигі Г.М.Мухамедьяров, полиция капитаны Д.А.Дуйсембаева, полиция аға лейтенанты Ж.К.Қайырбаев полиция аға лейтенанты А.К.Космуратовтармен Білім күніне орай 1-ші курс курсанттарымен марш-бросок өткізілді.
Кафедра бастығы полиция полковнигі М.Д.Нуршаев сағат 05-30 курстың жеке құрамына таңғы ұйқысынан тұрғызу өткізді. Содан соң алаңда жеке кұрам сапқа тұрғызылды. Марш-бросок өткізудің мақсаты мен міндеттері, сонымен қатар белгіленген жолды жүру кезінде қаупсіздікті сақтау туралы тоқталып өтті. Курсанттарға противогаз берілді.
Жеке құрам Ақтөбе су қоймасына қарай марш-бросокқа шықты.
Белгіленген жерге келген соң, курсанттармен тактикалық дағдыларды игеру туралы сабақ жүргізілді, противогаз кию, сонымен қатар, қарсыластар арнайы құралдар, улы заттар, газ гранаталарын қолданған жағдайда жасалатын әрекеттерге тоқталып өтті.
Содан соң, жеке құрам институтқа қара бағыт алды. Жалпы жүру жолы 8 шақырым құрады.
Саптық алаңда полиция полковнигі М.Д.Нуршаев марш-бросоктың нәтижелерін атап өтті, сонымен қатар, жіберілген қателіктерге де тоқталды. Курсанттарды таңдаған мамандықтарына құрметпен қарауға шақырды, қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті және заңдылықты сақтау барысында әскери және дене шынықтыру даярлығы қажет екенін атап өтті.
Айта кету керек, курсанттар марш-бросокта өздерін жақсы ұстады, шыдамдылықтарын көрсетті.
Әскери және дене шшынықтыру даярлығы кафедрасы жоғарыда аталған шараларды әлі де өткізеді, себебі бұл шаралар, Қазақстан Республикасы ІІО болашақ қызметкерлерін әскери-патриоттық тәрбиелеу, сонымен қатар, салауатты өмір салтын және дене шынықтыру мәдениетін насихаттау барысында үлесі зор.
ӘжДД кафедрасының доценті
полиция полковнигі
К.Умбетбаев