Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренингтер

2019 жылғы 29 қазанда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында халықаралық тәжірибені ескере отырып, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша полиция қызметкерлерін дайындауға бағытталған тренингтер сериясының бірінші күні өтті. Аталған іс-шараның аясында институтта Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандар даярлау орталығы ашылды. Онда полиция қызметкерлерін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына үйрететін болады.

Аталған семинарды институт бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымов ашты. Іс-шараның қонақтары Қазақстан Республикасы БҰҰДБ тұрақты Өкілінің орынбасары Виталий Времиш, Ақтөбе облысындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Ақмарал Хон, БҰҰДБ жобасының менеджері Гүлмира Төлесбаева және полиция полковнигі, ҚР ІІМ Қостанай академиясы ІІО әлеуметтік жұмыс кафедрасының бастығы Нурлан Тулкинбаев болды.

Зорлық-зомбылыққа және гендерлік теңсіздікке қарсы күрес тақырыбы БҰҰ-ға мүше басқа елдердің және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мақсатында өз көрінісін тапты.БҰҰ-ның даму бағдарламасы полицияның беделін және азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған қазақстандық полиция реформасын қолдап, Ішкі істер министрлігімен ынтымақтастықты жалғастыратын болады.

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің инспекторы

А.Танкаева