Халықаралық мұғалімдер күніне орай ағымдағы жылдың 6-шы қазанында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты идеологиялық жұмыс бөлімшесі дене шынықтыру кафедрасымен бірлесіп, институттың жас қызметкерлерімен «TEAMBUILDING» өткізді. Аталған шараның мақсаты – қызметкерлердің ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру.
Тимбилдинг қызметкерлерге керемет көңіл-күй сыйлай білді, олар топтық қызықты ойындарға қатысып, бірлігін көрсетті. Өткізілген корпоративтік шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның ынтымағын нығайтуға үлкен септігін тигізді.
ИЖБ инспектор-психологі
А.Н.Бердіғалиева