Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас қызметкерлерге арналған TEAMBUILDING

Халықаралық мұғалімдер күніне орай ағымдағы жылдың 6-шы қазанында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты идеологиялық жұмыс бөлімшесі дене шынықтыру кафедрасымен бірлесіп, институттың жас қызметкерлерімен «TEAMBUILDING» өткізді. Аталған шараның мақсаты – қызметкерлердің ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру.

Тимбилдинг қызметкерлерге керемет көңіл-күй сыйлай білді, олар топтық қызықты ойындарға қатысып, бірлігін көрсетті. Өткізілген корпоративтік шара  команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның ынтымағын нығайтуға үлкен септігін тигізді.

ИЖБ инспектор-психологі

А.Н.Бердіғалиева