Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жаңа форматтағы прокурор-тергеуші» өңірлік жобасының тұжырымдамасы шеңберінде прокуратура қызметкерлеріне арналған сабақтар

Ынтымақтастық туралы меморандумды және «Жаңа форматтағы прокурор-тергеуші» өңірлік жобасының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу процесін, әсіресе, кісі өлімі бойынша тергеуді қылмыстық-процестік және криминалистикалық қамтамасыз ету, прокуратура қызметкерлерінің дағдыларын жетілдіру және жұмыс сапасын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 3 наурызы және 1 сәуірі аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерлері үшін дәріс сабақтарын өткізді.            Сабақтарда дәлелдемелерді жинаудың, зерттеудің, бағалаудың және пайдаланудың ерекшеліктері, ережелері мен заңдылықтары, сондай-ақ, кісі өлімі бойынша тергеудің заманауи техникалық, тактикалық және әдіснамалық тәсілдері мен әдістерін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

ҚҚҚПжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                               

Саханова Н.Т.