2020 жылғы 10 желтоқсанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай арнайы алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларына «Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі»тақырыбында дәріс өткізілді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» алғашқы нормативтік құқықтық актіден бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 29 жыл толғалы отыр.
Бұл дәрістің мақсаты курс тыңдаушыларында патриоттық сезімді қалыптастыру: өз Отанына деген мақтаныш, туған жерге деген сүйіспеншілік, дәстүрді құрметтеу.
Дәріс соңында арнайы алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларына Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №1287 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институтына Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевтың есімі берілгеніне 6 жыл толуына байланысты батыр туралы естелік мағлұматтар айтылып, батырдың өмір жолы түсірілген бейнебаян көрсетілді.
Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі З.З. Нұрыш