Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» ЖӘНЕ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАС ОҚЫТУШЫСЫ» БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде институт қабырғасында «Жылдың үздік оқытушысы» және «Жылдың үздік жас оқытушысы» номинациясыбойынша байқаудың қорытынды бөлігі өтті. Байқауға   полиция подполковнигі  М.О.Избасов, полиция подполковнигі  К.А.Бүркітбаев, полиция подполковнигі  Е.Т.Ерғалиев, полиция майоры  А.С.Махмутов, полиция майоры  А.А.Мергалиев, полиция майоры Ж.А.Жукаева, полиция майоры  С.Э.Төлеев, полиция майоры  Т.У.Илайков, полиция майоры  С.М.Минайдаров, полиция капитаны А.А.Умурзакова, полиция капитаны Г.Н.Токпанбетова, полиция аға лейтенанты А.К.Қосмұратов қатысты.

Осы қатысушылардың қатарынан финалға полиция майоры  А.А.Мергалиев, полиция майоры Ж.А.Жукаева,полиция майоры  С.М.Минайдаров,полиция капитаны Г.Н.Токпанбетова, полиция аға лейтенанты А.К.Қосмұратов шыққан болатын.

«Өз мамандығымды сүйемін» атты өзін-өзі таныстыру кезеңінде, финалистер ішкі істер органдарына кадрларды кәсіби оқытудағы педагогикалық салымы туралы, өткізген оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмысының оң нәтижесі, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру жөніндегі, соның ішінде біліктілігін арттыру курстары мен әр түрлі тағлымдамалары туралы жұмыстарымен көрермендерді таныстырды.

Әрі қарай финалистер авторлық оқу-әдістемелік өңдеулерін, сондай-ақ

әр-түрлі белсенді және интерактивті оқытуды, бағдарламалық-әдістемелік нәтижелерді, сабақ берудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, «Менің оқу үрдісін жетілдіру әдісім» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Байқауға қатысушылар мультимедиялық құралдарды пайдаланды:слайдтар, фото, видео.

 Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды конкурс комиссиясының төрағасы жариялады.

Сонымен, 2016-2017 оқу жылында байқаудың қорытындысымен  «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясын полиция майоры Жайнагуль Айсултановна жеңіл алса, «Жылдың үздік жас оқытушысы»номинациясынаполиция капитаны Гүлшат Ныгметовна Токпанбетова ие болды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде институттың акт залында жиында «Мұғалім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиында марапатталады.

ОӘО-ң оқытушы-әдіскері

полиция  майоры            

Ә.А.Сагинтаева