Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына экскурсия

2018 жылғы 14 сәуірде ЖОО арасындағы ынтымақтастық аясында және  Наурыз мейрамын мерекелеуге, «Ашық есік» күнінің өткізілуіне орай Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің, тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері және Курсанттық ғылыми қоғам мүшелері аталған іс-шараларға қатысты.

  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ делегациясын  Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бигельдинов атындағы ӘҚКӘИ басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамы күтіп алды. Институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі
Г.Ж. Сулейманова Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я. Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының жеке құрамына табыс тілей отырып, институт  бастығы полковник А.А. Ибраевқа Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И. Қаракүшевтің атынан алғысхатты тапсырды.  Кейін АЗИ делегациясы оқу орнының мұражайын және мерекеге құрылған киіз үйлерді аралады. Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.

РБЖ тобының инспекторы

полиция аға лейтенанты

Ш.Ө. Смағұлова