Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кітап көрмесі «Ржевте ерлік даңқы қайта жаңғырады»

2019 жылдың 18 сәуір күні сағ. 15:00-де С.Байішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербестің «Ржевте ерлік даңқы қайта жаңғырады»  атты кітабының  тұсаукесер рәсімінөткізді.

Шараның мақсаты -жастарды адамгершілікке, Отанын сүюге, қорғауға,патриотизмге баулу.

Шара барысында кітаптың авторы Ғ.Байдербес, белгілі ақын М.Ақдәулетұлы және Ржев шайқастарына қатысқан 100-101 атқыштар бригадаларының соңғы жауынгері Сатылған Бекмағамбетов өскелең ұрпаққа Ұлы Отан соғысы туралы және Ақтөбе қаласында жасақталған 101 ұлттық дербес атқыштар бригадасының жорық жолдары және батылдықтың ерен үлгісі боларлық естелік әңгімелерін айтып берді.

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының1А, 1Б, 2А курс курсанттары және кітапхана қызметкері М.Стамғазы тұсаукесер рәсіміне  қатысып, қонақтармен естелік суретке түсті. Институттың кітапхана қорына автордың бір кітабы табысталды.

Жалпы кітапхана меңгерушісі                        

З.Н.Карасаева

 
09300203 11213051